Түркиялық археологтар 7,5 мың жыл тарихы бар бұрғыны тапты. Анатолий агенттігінің хабарлауынша ғалымдар бұл бұрғыны Ақтопрақлық қорғанын қазу барысында тапқан. Ақтопрақлық Бурса аймағының солтүстік-батысында орналасқан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ТАСС мәліметіне сүйеніп.
Археологтар бұл ауданда 2004 жылдан бастап іздеу жұмыстарын жүргізуде. Ал табылған барлық құнды жәдігерлер ашық аспан астындағы музей-саябаққа өткізіледі. Ашық аспан астындағы музей-саябаққа келушілер халықтың ертедегі тұрмысымен танысуға үлкен мүмкіндік жасалған.
Археологтар тапқан «бұрғыда» кремний тасы аласа таяқшаға байланған. Кремний тасының байлану себебі бар. Сол кездегі күнделікті еңбекке пайдаланылатын тастардың ішінде ең мықтысы кремний болған.
«Осы тектес кремний тастары қазіргі күндегі бұрғы мен шегені бұрағыштардың ертедегі нұсқасы», -деп мәлімдеді Ыстамбұл университетінің археология факультетінің қызметкері.
Ескі құрылғыны тексере келе ғалымдар бұл құрылғы түрлі әшекейлер, моншақтар жасауға пайдаланылған деген шешімге келді.
Аударған: Айгерім ТАУБАЙ