Алматыда 12 маусымға қараған түні №2 ықшам ауданда Subaru автокөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Today.kz сілтеме жасап.
Оқиға түнгі сағат 2 шамасында №40-шы үйдің маңында орын алған.
Автокөлік түгелдей өртеніп кеткен.
Өрт туралы арнаулы мекмелерге хабарланып, өрт сөндірушілер өртті дер кезінде тоқтатты. Өрттің орын алу себебі әлі хабарланған жоқ.
Келеңсіз жағдай салдарынан жапа шеккендер жоқ. Ал көліктің иесі өрт сөндірілгеннен кейін де қарасын көрсетпеді.

Аударған: Айгерім ТАУБАЙ