Путин: АҚШ террористерді Ресейге қарсы пайдаланып отыр

/uploads/thumbnail/20170710115025905_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың террористерді Ресейге қарсы пайдаланып отырғанына сенімді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, америкалықтар Ресейдегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысып бағуда.

«Біздің америкалық серіктестеріміз Ресейді қолдау мақсатында елмен бірігіп терроризммен күресу үшін серіктестік орнатуға дайын екендерін айтқан. Ал шын мәнісінде олар террористерді Ресейдегі ішкі саяси жағдайды жүргізу үшін пайдаланып отыр», - деді Ресей басшысы «Путинмен сұхбат» фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында.

Путиннің айтуынша, Ресей қолдау күткен, алайда оның орнына америкалық арнайы қызметтің террористерді қолдағанын көрген.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар