Қызын жерлеп келген ананың есігін қаққан адамды көргенде талып қалды

/uploads/thumbnail/20170710115001002_small.jpg

Бұл оқиға Британияда болған. 26 жастағы Эрика ернімен түймені тістеп тұрып,  кезекті көйлегін тігіп жатқан. Сөйте тұра, анасының қойған сұрақтарына жауап беріп, ән де айтып үлгерді. Кенеттен ол түймені жұтып қойып, қатты жөтеле бастады.

Үйдегілер қалай көмектесерін білмей дал болды. Жедел жәрдемге де қоңырау шалды. Алайда олар келгенде Эриканың жүрегі тоқтап қалған еді. Түйме түтіктерге тұрып қалып, тыныс алуына кедергі келтірген. Қыз көгеріп кетті. Дәрігерлер тұншығу өлімге себепкер болған дегенді айтты.

Қызынан айырылған отбасы қайғыдан қан жұтты. Бір күненнен кейін қызды жер қойнына тапсырды. Эрикаға әдемі киім кигізіп, саусағына өзінің сүйікті үлкен алтын сақинасын тақты.

Жерлеу рәсімі өткеніне бірнеше сағат болғанда есікті біреу қағады. Есікті ашқанда анасының қарсы алдында «қайтыс болып кеткен қыз» тұрады. Эирканы көрген анасы талып қалады. Қыз аяғын әрең басып тұрған. Үсті лайға былғанған.

Эриканың жақындары оған тамақ беріп, жуындырып, демалуға мұрша берді. Бірнеше сағаттан кейін қыз бастан өткерген оқиғасын айтып берді.

Ол жұтып қойған түйме түтікшені толықтай жаппаған. Ауа өкпеге түсіп отырған. Бұл мидың өлмеуіне көмегін тигізген. Алайда жүрек қағысы қатты баяулаған. Соның салдарынан ол өз денесін басқара алмайтын жағдайға жеткен.

Ол барлық дауыстарды естіген,  бірақ ештеңе істей алмаған. Ұрылар оның алтын сақинасын ұрламақ болмағанда ол расымен де көз жұмушы еді. Қараңғы түскенде олар қабірді қайта қазып, алтын сақинаны шешкен, қыздың үстіндегі көйлекті де ұрламақ болған. Көйлектің түймесін шешу үшін Эриканы бір жақ бетіне қарай аударғанда тұрып қалған түйме шыққан. Қыз толық тыныс алды. Мұны көрген екі ұры сол жерде жүрек ұстамасынан көз жұмды. Қалған екеуі ұсталды.

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар