Петербургте полицейге күш қолданған екінші адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі bbc-ге сілтеме жасап.
«2017 жылдың 12 маусымында рұқсат етілмеген митингіде белгісіз ер адам полицейдің бетіне жұдырықпен ұрған» дейді басқармады.
Полицейлер қандай жарақат алғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Қазір тергеушілер шабуылдаған ер адамды іздестіріп жатыр.
Ресейдің 10 қаласында болған жемқорлыққа қарсы акциядағы бұл екінші қылмыстық іс.
Екінші адам Мәскеуде өткен митингіде Ресейлік гвардияның сарбазына күш көрсеткені үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Аты-жөнін айтпай отыр.
Айта кетейік, 12 маусымда Ресейдің бірнеше қаласында рұқсат етілген және рұқсат етілмеген митингілер өтті. Мәскеу, Петербургтегі шеруге рұқсат берілмеген.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру