Путин өзін Гитлермен салыстырған Хилари Клинтонның сынына жауап берді

/uploads/thumbnail/20170710120038539_small.jpg

Владимир Путин АҚШ-тың  президенттігіне үміткер болған Хилари Клинтонның өзіне қатысты сыни пікіріне жауап берді. Хилари Клинтон Путинді Германияның Үшінші Рейхі Адольф Гитлермен салыстырған болатын.

Путин өз кезегінде Ресейдің де АҚШ-тың бірқатар саясаткерлері туралы өз сыни пікірлері бар екенін, алайда Мәскеу мұндай көзқарастарын өз ішінде ұстайтынын айтқан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

«Біз үшін бұл ешқандай жаңалық емес. Екеуміз жеке жақсы таныспыз. Ол энергиясы тасып тұрған әйел. Бізде әр түрлі мағынада АҚШ-тың саясаткерлерін  салыстыра алуымыз мүмкін еді. Алайда саяси мәдениет үшін артық пікірлерден аулақпыз»-деді Путин өзінің Оливер Стоунға берген сұхбатында. 
2014 жылдың наурызында Клинтон Путинді Гитлермен салыстырып, екеуінің ұқсастықтары туралы  айтқан. Путиннің орыс халқын қорғауы турасында айтылған сөздері Гитлерге ұқсайтындығын мәлімдеген.

Шолушы: Назерке МҰСА

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар