Аудандық білім басқармасы Асылханды кәмелет жасқа толмағандарға арналған уақытша бейімделу орталығына жіберетінін хабарлады. Ол онда сот шешімі шыққанға дейін болады. Өз баласын аяусыз соққыға жығып, мүгедек еткен әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі tvk-uko.kz-ке сілтеме жасап.
Анасының мұндай қатігез әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Ол қазір бір жасар баласын тәрбиелеп жатыр. Оның үшінші баласы да бар. Алайда баланың қайда екені белгісіз. Асылханның туыстары оның өмірі туралы айтып берді.
«Асыл кішкентай кезінде туыстарының үйінде тәрбиеленді. Мектепке баратын уақыт жеткенде оны анасына қайтарып берді. Ол уақытта анасы Коммунизм ауылында әпкесінің үйінде тұрып жатқан. Анасы Асылды Түркістандағы интернатқа жібермек болған. Неліктен екені белгісіз, ол ойынан айнып қалды. Бала дәретханаға бару дегенді білмейтін. Дұрыс сөйлей алмайды және жүре алмайтын. Ортаншы баласы басқа жақта тәрбиеленіп жатыр. Нақты кімге бергені белгісіз. Кіші қызы өзімен болу керек. Себебі ол үшін жәрдемақы алады» деді туысы Сандуғаш Жолдасбекова.
Балалардың әкелері кім екені белгісіз. 31 жастағы әйел ауруханаға келіп тұрған. Асылханның денсаулығы түзеліп келеді.
«Оның жағдайы өте ауыр еді. Бұрынғы жарасы да, қазіргі жарақаттары да өте ауыр болды. Қазір ем-домын алып жатыр. Екі аптадан кейін оны ауруханадан шығарамыз» дейді балалар ауруханасының нейрохирургы Мұхтар Әбдіқадыров.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру