Алматылық тұрғын Александр Скаковкский ресми түрде «Аңыз донор» мәртебесін алды. 70 жастағы ер адам 45 жыл бойы қан тапсырып келген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі «МИР 24»-ке сілтеме жасап.
«Бүгінгі күнге дейін мен 1062 рет қан тапсырдым, барлығы 580 литрдей. Қазір де донормын. Денсаулығым мүмкіндік берген соң қан өткіземін»-дейді Александр Скаковкский.

Арнайы сыйақыны жыл сайынғы қан жинау акциясында тағайындаған.
Шолушы: Назерке МҰСА