Колумбияда ең бірінші рет 3 жігіттің арасында неке қиылды. 12 маусымда Медельин қаласында заңды құжаттарға қол қойған болатын. Некеге актер Виктор Уго Прада, спорт жаттықтырушысы Джон Алехандро Родригес және журналист Мануэль Хосе Бермудес отырды.
Құқық қорғаушы Герман Перфеттинің айтуы бойынша, Колумбияда үш адамнан тұратын бір жынысты некелер көп, бірақ аталған жұп заңды түрде тіркелгендердің алғашқысы. Бұл басқа да отбасылардың барын дәлелдейді деді ол.
2016 жылғы Оңтүстік Американың бір жынысты отбасылар статистикасы бойынша Колумбия мемлекеті Аргентина, Бразилия және Уругвайдан кейін төртінші орында тұр.
Шолушы: Альмира АСЛАНОВА