Лондондағы ғимарат өртінен 70 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170710124208824_small.jpg

Лондондағы көпқабатты тұрғын үй өртінен қаза тапқандардың саны 70-ге жетті. Әу баста зардап шеккендер 30-ға жуық алайда бұл сан тағы өсуі мүмкін деп хабарланған болатын. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды. Әзірге бұл ақпарат полиция тарапынан ресми түрде расталмады.

Естеріңізге салай кетейік, 14 маусымға қараған түні Ұлыбритания астанасындағы көпқабатты ғимарат отқа оранған болатын. Тілсіз жау кесірінен эвакуацияланған 100-ден астам отбасы таяудағы қоғамдық орталықтарға, мешіт пен шіркеуге жайғастырылған. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Ел премьер-министрі құзырлы органдарға төтенше жағдайға қатысты жіті тергеу жүргізуді бұйырды.

Шолушы: Назерке МҰСА
 

Қатысты Мақалалар