Хулиан Риос Канттың жасы 13-те болғанда, өмірінде сұмдық жағдай орын алған. Сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан анасының өмір сүруі ұзаққа созылмайды деген суыт хабар естіген. Жасөспірім бала өзін психолгиялық тұрғыдан анасыз өмірге дайындаумен болды.
Хулианның анасы ертерек дәрігерге қаралғанда, емнің алдын алуға болатын еді. Алайда уақытты өткізіп алғандықтан ауруы да асқынып кеткен. Соның салдарынан дәрігерлер анасының кеудесін ампутациялайды. Алайда бір ғажаппен аталмыш әдіс әйелдің өмірін құтқарып қалады.
Анасы өміріне төнген қатерден құтылғанда Хулиан оны құтқарған жандар үшін ерекше тосын сый жасағысы келді. Оның мақсаты – анасы секілді ауруға шалдыққан өзге де әйелдердің өмірін құтқару.
Сөйтіп 13 жастағы бала іске кірісіп кетті. Алғашында сүт безі қатерлі ісігі жайында түгелдей зерттеп білді. Аурудың алдын алудың, сондай-ақ ауырған жандардың емдеудің жолдарын іздеді. 17 жасында өзінің жеке Higia Technologies комапниясын құрды. Оның мақсаты – сүт безі қатерл ісігіне шалдыққан әйелдерді емдеп жазу үшін қарапайым әдіс ойлап табы болды.
Оның компаниясы түрлі технологиялық әдістерді жасап шығарды, сөйтіп 200 құрылғы орнатылған кеудеше ойлап тапты. ОЛ құрылғылар әйелдің кеудесіндегі өзгерісті анықтап, әрі бақылап тұруға арналған. Көп ұзамай аталмыш кеудеше дәрігерлерге тапсырылды. Дәрігрелер ендігі жолы әйелдердің кеудесінде болып жатқан өзгерістерден хабардар болып тұратын болды. Хулиан ойлап тапқан әдісіне риза болды.

Құрылғының міндеті қарапайым болғанымен, ақылмен ойлап тапқан дүние. Сүт безінің қатерл ісігі ұлпалардың қан айналымын арттырады, соның салдарынан температура жоғарылайды. Ал кеудеше температураны бір қалыпта ұстап, әйелд адамның бойында қандай да бір қауіп орнаса, бірден белгі береді. Сөйтіп ауруға шалдыққан әйел дер кезінде ем қабылдайды. Құрылғы сараптамадан өтіп, нәтижесі оң болған.
Хулиан ойлап тапқан құрылғысы үшін Мексика президентінен марапаттац қағазын алған. Кеудеше әлі күнге дейін сынақ бөлемсінде жатыр. Бірақ толық тексеруден өткен соң, әлем бойынша пайдалануға берілетініне Хулиан сенімді.

Оның жасы бүгінде небәрі 18-де, жас өнертапқыш миллиондаған адамның өмірін құтқаратын әдіс ойлап тапты. Анасының ауруымен күресу балаға өмірлік сабақ болды және сол сабақ оны жетістікке жетеледі.
Шолушы: Сабина Рамазан