Ақ үй Трамп пен Порошенконың кездесу уақытын белгіледі

/uploads/thumbnail/20170710130918733_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Тармп ресми сапармен Вашингтонға келген Украина басшысы Петр Порошенконы қабылдайды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақ үй хабарлайды.

Хабарламаға сәйкес, Порошенко мен АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс күннің алғашқы жартысында Ақ үйдегі Трамп отырған бөлмеге кіреді. Ол уақытта Трамп ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Герберт Макмастермен кездесу өткізбек. Яғни, Трамп пен Порошенконың кездесуі толыққанды өтпейді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер бұдан бұрын тілшілерге берген сұхбатында Порошенкомен келіссөзді АҚШ вице-президенті Пенс жүргізеді деп мәлімдеген. «Менің түсінгенім бойынша, Порошенконы вице-президент қабылдайды», - деген еді Спайсер.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар