НЕЛІКТЕН ГРУЗИЯДА ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖЕР САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ?

/uploads/thumbnail/20170710161457979_small.jpg

Фермерлерді әлемнің түпкір-түпкірінен шақырып жүрген Грузия бүгінде өз жерлерін шетелдіктерге сатудан бас тартып отыр. Шаруашылыққа ыңғайлы жерлердің барлығын шетелдіктерге сатуға тыйым салу туралы заң өз күшіне енуде, тіпті, алдағы уақытта мемлекеттің конститутциясына енгізілмек. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Кахетияның бидай алқабында комбайндардың дүрсілі мен пенджаб шаруаларының өз тілінде сайрап жүргені естіледі. Бірнеше жыл бұрын ондаған үнді шаруалары осы аймақтан жер сатып алып, жергілікті жердің климатының арқасында мол өнімге кенелуді көздеген болатын.

«Үндістанда шаруа қожалықтардан ғөрі қарапайым халықтың саны көп.  Ал Грузияда жағдай мүлдем басқаша. Бұл жақтан жер сатып алуға мүмкіндік бар. Сол себепті біз өзіміздің шаруашылығымызды Грузияда жандандырғымыз келді. Қолданылмай, бос жатқан жерлер Грузияда көп болды. Сондықтан біз осында қоныс аудардық» , - деді Гурприт Сингх Брар.

Айта кетсек, Гурприт Сингх Брар 2012 жылы Грузияның Кахетия аталатын аймағынан шамамен 50 гектар жерді сатып алған.

Оның айтуынша, ол өзінің Грузияға көшіп келу туралы шешіміне еш өкінбейді. Жергілікті базарда мол қолданысқа ие өнімді өндіріп отырғанын да айтып өтті.

Алайда аталған мараторий бойынша шетелдіктерге шаруашылық жерлерді сату осы сәттен бастап тоқтатылады.

Жаңа конститутция

Бұрынғы билік басындағылар шетелдік шаруалардың инвеститциясы мен тәжірибесі Грузия жерінің жандануына, жаңаруына әкеледі деп санаған.

Бүгінде билік басындағылардың айтуы бойынша, Грузияда жан басына 0,24 гектар ауыл шаруашылығына арналған жерден келеді.

Ауылшаруашылық жерлерді сату бойынша мараторий Парламентте ауызша түрде 16 маусым күні тез арада қабылданды. Соған қарамастан Мемлекеттің Конститутцияны енгізілгенге дейін де өз күшінде болады.

Бұл аралықта шетел азаматтары Мемлекет жерін өз жекеменшігі етіп  тіркей алмайды.  Сонымен қатар аталған  шектеулер шетелдік заңды тұлғаларға да қатысты.

Әділет министрлігіне сай аталған заң осы уақытқа дейін шетелдіктерге тиесілі болған ауыл шаруашылық жерлеріне қатысты емес.

Мемлекет басшылығының мәліметі бойынша, аталған мараторий Конститутцияға енген кезден бастап шетелдіктер жерге иелік ете алмайды. Ал ұзақ мерзімді жалға беру ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Ағымдағы жылдың күз мезгілінде  мемлекеттің конститутциясына өзгерістер енгізілмек. Ал  шаруашылық жерлер ресурс есебінде Мемлекетке, Грузияның азаматтары мен бірлестірге тиесілі болады. Ал ерекшеліктер заңмен анықталады.

Қорғаныс па қорқақтық па?

 Басқарушы партияның хабарлауынша ,шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салуды Грузия халқы талап етіп отыр. Сонымен қатар бұл мәселе мемлекеттің қауіпсіздігімен тікелей байланысты.

«Біздің еліміз  гемолиздік ерекше жерде орналасқан. Грузияның көпшілік бөлігі басқа елдің азаматтарының қарамағына өтіп кеткен. Сол себепті біз алдын-ала қорғану жұмыстарын жүргізуіміз керек. Бірінші орында бұл жұмыс ұлттық қауіпсіздік үшін жүргізілмек» деп хабарлады парламенттегі аграрлық комитет басшысы Отар Данелия.

Сарапшылар мен оппозициялық көзқарасты ұстанушылардың пікірінше, шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салу Грузияның жерінің бағасы мен шетелдік инвеститцияның құлдырауына әкеліп соғады.

Алайда басқарушы партияның айтуынша, жерлерді сату ауыл шаруашылық секторына тікелей пайда әкелген жоқ.

Грузияның Ұлттық статистикалық орталығының мәліметінше өткен жылы тікелей шетелдік инвеститцияның жалпы құны 1,64 млрд. долларды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылық саласындағы инвеститция 10 млн.-ды құрап отыр.

Заң Конститутцияға сай емес 

Аталған мараторийді енгізу билік басындағылардың алғашқы талпынысы емес. 2013 жылы парламенттің шешімі бойынша мемлекеттің жерін шетелдіктерге сатуға тыйым салынған болатын. Алайда ол кезде аталған заң констиутцияға сай емес деп танылған.

Transparency International  аталатын грузиялық ұйымның мәлімдеуі бойынша 2013 жылы арыздар бойынша , аталған заңды конститутцияға сай емес деп таныған.  Қайтадан заңның енгізілуі дәл солай заңды емес деп танылмақ.

Аталған ұйымның заңгері Теон Закарашвилидің айтуынша, аталған заң бойынша басты мәселе заң қабылданғаннан кейінгі елдің экономикалық жағдайы.  

Ауыл шаруашылық жердің жалпы көлемі 5 % -ды құрайды. Ал аталған жердің 0,8 пайызы шетелдіктерге тиесілі.

«Бұл көрсеткіш мемлекеттке төнетін үлкен қауіп туралы сөз қозғау үшін тым аз» деп сөзін жалғады заңгер.

Шетелдіктер жалға  алу үшін бұл жаққа келмейді

Кахетияның Сигнах ауданында мемлекеттің жерін Үндістан шаруаларының жеке меншігі ету жайлы тақырып кімді болсын бейжай қалдырмайды.

«Бұл өте жақсы жаңалық. Егер осындай шектеулер қойылатын болса, Грузия халқы емін-еркін тыныстай алады» деген пікір білдірді жергілікті жердің тұрғындарының бірі Шота Канашвили.

Ал Георгий Джибгашвилидің айтуы бойынша, олар жоқтықтың салдарынан жерлерін сатуға мәжбүр болған. Алайда шетелдіктерге қолданыста жүрмеген жерлер сатылған. Ал бүгін ол жерлер өңделуде.

«Жекеменшік етіп беру – бөлек әңгіме. Ал жалға берсек шетелдік оны өзімен бірге шетелге алып кете алмайды. Жер осы елде қалады» деп пікір білдірді Джибгашвили.

Сонымен қоса жергілікті тұрғындар пенджаб шаруаларының жергілікті жерді өңдеуге зор үлес қосатынына сенімді. Оның себебі, Грузияда көптеген жерлер еш қолданыссыз жатыр.

Сонымен қоса, жергілікті тұрғын Джибгашвили «Біз өте еңбекқор халықпыз. Әсіресе мәселе шаруашылыққа келгенде ерекше ықылас танытамыз. Біз жаңа жерлерді сатып алып, өз шаруашылығымызды үлкейтуді қалаймыз. Алайда заңға енгізілген тыйым салудың  нәтижесінде ол ойымыз іске аспайтын түрі бар. Біз өз жеріміздің қожасымыз, сол себепті өз жерімізді өзіміз жалға береміз. Бірақ жаңа шаруалар тек жалға алу үшін бұл жаққа келмейді» деген пікір айтты.  

Аударған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар