ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ КЕЛДІ

/uploads/thumbnail/20170710161539040_small.jpg

Еліміздің егемендігі ширек ғасыр кезеңнен өтті. Маңызды жетістіктеріміз қатарында:

1.Саяси Егемен ел болдық. Отаршылдық кезең 1868 жылдан басталып 1991 жылдың желтоқсан айына деиін созылды. Аталған уақыт аралықта біз патшалық Ресейдің және КСРОның отары болдық. Қазақстан әскери - саяси жағынан да тәуелсіз. Біз Ресеймен ОДКБ ұйымында болсақ та Ресейден тәуелсізбіз. Ресей жүргізіп келе жатқан соғыстар мен әскери операцияларға қатыспаймыз: айталық Шығыс Украинада,Сириядағы әскер операцияларына қатыспаймыз. ОДКБ бірқатар жиналыстарына Президент деңгейінде қатыспаймыз.

2.Экономикалық егемендік екінші маңызды жетістік.Посткеңестік кеңістікте бірқатар мемлекеттер Ресейден саяси егемендігі болса да, экономикалық тәуелділікті сақтайды. Айталық Армения, Белоруссия, Қырғызстан тағы бірқатар бұрыңғы отар республикалар Ресейден экономикалық көмек алады. Қазақстан барлығын өзі қамтамасыз етіп отырған мемлекет.  Ресейге ешбір экономикалық тәуелділігі жоқ. Еуразиялық Одақ тек экономикалық одақ деп есептеледі. Бұл Одақтың шешімдері директивалық сипаты жоқ.

3. Қазақстан территориялық біртұтастығын және демографиялық тұтастығын сақтап келеді.

4. Қазақстан әлеуметтік жағынан да ешбір мемлекетке тәуелді емес. Біз Ресейден ақшалай бюджеттік трансферт-көмек алмаймыз. Еліміздің саяси, әскери- саяси, экономикалық және әлеуметтік егемендігі, территориялық біртұтастығын сақтап келеді.Бұл жетістіктер Алғашқы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегінің нәтижесі екені белгілі.

5. Бірақ біз Ресейден тіл, ақпарат саясатында рухани тәуелділігіміз бар. Нұрекең өзі қазақшыл азамат , бірақ мемлекеттік тілдің қағажу қалғаны айқын. Орыс тілі- ресми тіл статусында, бірақ орыс тілі Қазақстанда Мемлекеттік тіл статусы Мемлекеттік тілден жоғары болмаса да, оның реалдық статусы мен құзыреті Мемлекеттік тіл құзыретінен жоғары тұр демекпін. Бұл өкінішті және заңға қайшы. Айталық, Қазақстанда орысша білмейтін министр немесе облыстық тіпті аудандық әкім де жоқ.

Қазақстан жұртшылығы Ресей теледидарының ықпалында, Қазақстандық теледидар мен басқа ақпаратта орыс тілі басымгерлігі байқалады. Ал қазақ жұртшылығы 71%, ал орыс жұртшылығы бар болғаны тек 19%- тен төмен. Осыған байланысты менің бірқатар нақты ұсынысымыз бар.

Олар:

1) Орыс тілді қазақ жұртшылығының (субэтнос) пайда болуын болдырмау. Себебі бұл субэтнос қазақ халқын ыдыратуға әкелуі ықтимал;

2) Қазақ бүгінгі таңда 71%, ал орыс 19% тен кем болғандықтан ҚР Іс қағаздарын сол пайыздық қатынастарда мемлекеттік тілде жүгізілуі керек , мемлекеттік тілде іс құжаттарын жүргізетін аудандар тізімін демографиялық құрамға сәйкес көбейту;

3)Үш тұғырлы тілдік бағдарламаны мектептен алып тастау. (Алтынбек Халидуллин ұсынысы: Қазақ елінде ұлтына қарамай міндетті түрде барлық балабақшалары мен бастаушыш сыныптарды тек қазақ тілінде жүргізу керек);

4) Мемлекеттік тілге шорқақ немесе қазақ тілінде сөйлемейтін қазақ шенеуніктерді ротациялаудың орнына қазақшасы бар орыс, украин, немістерді қою.

5) ҚР Саяси доктринасы керек.

Экономика классикалық нарыққа негізделу керек, оңшыл либералдық жүйе тиімді болар;

Құқықтық саяси реформаның келесі қадамы - облыстық маслихаттардың құзырын көтеріп, барлық облыстық шенеуніктерді және әкімді маслихат тарапынан пәрменді қадағалауды қою;

Ұлттық саясат интеграциялық және ассимиляциялық (прогрессивті үрдіс) мақсаттарға негізделу керек.

Түп мақсат : қазақ тілі мен құндылықтарына негізделген мемлекетке айналу.

Әзімбай Ғали

Қатысты Мақалалар