ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЙ ҚАЛАЛАРЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒАСЫ АРЗАНДАП ЖАТЫР?

/uploads/thumbnail/20170710162026564_small.jpeg

Қазақстанда үйдің бағасы арзандап жатыр деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Бағаның төмендеуі орта немесе төменгі республикалық деңгейге жеткен аймақтар – Алматы, Астана және Шымкент. Астанадағы жылжымайтын мүлік нарығындағы көрсеткіш 5 % төмендеген. Жарты жылдың ішінде бір шаршы метрдің бағасы 16 мың теңгеге арзандады.

Осындай жағдай Ақтөбе мен Қостанайда да орын алды. Маусым айында бір шаршы метр 5 және 5.3 % арзандады. Бұл 8 және 9.9 мың теңгені құрайды.

Тұрғын үй нарығында зардап шеккендердің үштігі қатарында Алматы да бар. Мұнда орташа баға 6 %.

Жарты жылдық көрсеткіште Шымкент  пен Ақтау көш бастап тұр. Бұл аймақтарда бір шаршы метр 9 % арзандады. Яғни, 19 және 23 мыңға түсті.

Маусым айындағы ең арзан жылжымайтын мүлік Ақтөбеде. Бір шаршы метрдің орташа бағасы 152 мың теңгені құрайды.

Тұрғын үйі қымбат қалалардың бестігіне Қарағанды мен Шымкент кірді. Ондағы бір шаршы метрдің бағасы 196 және 199 мың теңгені құрайды.

Үшінші орында – Ақтау. Бір шаршы метр 226 мың теңге тұрады.

Екінші орында – Астана. Онда бір шаршы метр 317 мың теңге тұрады.

Қазақстандағы тұрғын үйі ең қымбат қала – Алматы. Онда бір шаршы метр 338 мың теңге тұрады.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар