Әлемдік брендке айналған түрлі тауар маркаларының қытайлық нұсқаларын жинау үшін ұзақ уақыт кетіріп, аяқ тоздырудың қажеті жоқ. Жай ғана қытай тауарлары сатылатын қатарды бір жүріп өтсеңіз болды. Дәл сол жерлерден сіздер «Adidas» емес «Abibas» немесе «Boss» маркасының орнына «Bsos» брендін кездестіресіз. Сол себепті де қандай да бір тауар алар алдында оның жазуына мұқият қарап, қытайлық маркалармен елдің күлкісіне қалмауды ойлаған жөн. Назарларыңызға елді күлкіге қарық қылған бірнеше бренд маркаларын ұсынамыз.






















