Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері Әбдіманап Бектұрғанов, Ержан Құдайберген, Сәкен Қаныбеков, Мансұрхан Махамбетов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазығұрт ауданында болып, бірқатар кездесулер өткізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімдігі ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, онда мектеп және тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен қаражат қарастыру, діни экстремизм және терроризм мәселелеріне, EGOV электронды үкімет порталының жұмысы, ауыл инфрақұрылымын дамыту бойынша мәселелер қозғалды.
Осы күні депутаттар аудандағы Қызылкия ауылдық округіндегі «Аманкелді» ЖШС-ның бау бақшасы жұмысымен танысты. Шаруа қожалығының 1000 гектардан астам егістік жері бар. Онда алма, шабдалы, шие, алхоры және тағы да басқа жеміс-жидек ағаштары егілген. Қожалық өсімдік дақылдарын өсірумен қатар, қайта өңдеумен айналысады (бидай, мақсары, жеміс-жидек және жүзім). Өндірісте 250 азамат тұрақты жұмыс жасайды.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет