Қанат Айтбаев Димаштың Қытайға 14 миллион теңге аударғанын жоққа шығарды

/uploads/thumbnail/20170710162102815_small.jpg

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань провинциясында болған су тасқыны апатынан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсеткен еді. Бұл жағдайды Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев жоққа шығарды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Қанат Айтбаев  Facebook парақшасында жазды.

 "Мен өзіміз жөніндегі көп жаңалықты баспасөз бетінен білемін… Димаш көрші елдің су басқан аймағына пəлен миллион аударыпты дегенді де жариялапты. Əр елдің салты басқа — Димаштың өнеріне тəнті қытайлық фирма өз жерлестеріне көмектесіп, біздің баланың атынан қаражат аударыпты. (Димаш ол деңгейге əзір жете қойған жоқ.) Бізге де, өздеріне де жақсылық жасағысы келген болар…", — деп жазған Қанат Айтбаев желідегі парақшасында.Белгілі болғандай, су тасқынынан зардап шеккендерге қаражатты Димаштың атынан әншінің Қытайдағы продюсерлік компаниясы BG Talent аударған.

Қатысты Мақалалар