Қазақстанда трансплантациядан кейінгі Спорттың ұлттық құрамасы құрылуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170710162109177_small.jpg

26 маусым мен 2 шілде аралығында Испанияның Малага қаласында өткен Дүниежүзілік ХХI спорттық трансплант-ойындарында Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Дүниежүзілік трансплант-ойындарында бірінші орынды боулингтен әйелдер арасында Гүлмира Смаилова жеңіп алды. Қазақстан құрамасынан 6 спортшы жүзу, үстел теннисі және боулинг бойынша жарысқа түсті. Испанияда өткен Дүниежүзілік XXI спорттық трансплант-ойындарына донорлық органдары бар спортшылар қатысқан болатын. Команда капитаны Жәнібек Оспанов Қазақстанда тұңғыш жүрек трансплантациясын жасатқан азамат. Ал алтын медаль иегері Гүлмира Смаилова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференцияда

-Трансплантация жаңа өмір сыйлады, операциядан кейін екінші тынысым ашылып, бұрын болмаған сурет салуға қабілетім оянды,- деді.

Халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы тұңғыш рет бақ сынады. Спортшылар трансплантациядан кейінгі Спорттың ұлттық федерациясын құруға ниетті. Федерацияны құру ғылыми зерттеулерге серпін береді, трансплантацияның танымалдылығына ықпал етеді.

Қатысты Мақалалар