Бес жылда елімізде елуден астам науқасқа жүрек трансплантациясы жасалған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агентті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференцияда «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя мәлімдеді. Трансплантация тарихы осыдан 50 жыл бұрын Африка елдерінде басталғанын ескерсек Қазақстан медицинасы соңғы бес жылда жаңа технологияларды пайдаланып, түрлі ағзаға трансплантация жасай бастаған. Дәрігердің айтуынша бүгінде жүрек донорын күтіп жүрген 70 қазақстандық бар. Юрий Пя мүшесін ауыстыру кезегі келгенше бақилық болып кететін науқастар туралы да айтып өтті. «Халыққа түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізе алсақ, екінші өмір сыйлауға мүмкіндік болар еді», - дейді ол.
ҚР ДСМ медициналық жәрдем ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Тастанова Айгүлдің 2017 жылғы статисткалық мәліметі бойынша 2 860 адам бүйрек, 526 адам бауыр және 10 науқас өкпе трансплантациясының кезегінде тұр.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет