РЕСЕЙ МЕН БАТЫСТЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ РЕСЕЙ ҮШІН ҚАЛАЙ АЯҚТАЛМАҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ОЛ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

/uploads/thumbnail/20170710162139834_small.jpg

Ресей баспасөзіПутин туралы  бірнеше болжам айтып келеді. Біріншісі, Путин психикалық, менталдық  науқас адам. Оны барлығынан бұрын Германия канцлері Меркель айтыпты. Ресей баспасөзінде Путин туралы кең тараған екінші көзқарас - Путин 1990-шы жылдары дәуірлеген Тамбов-Петербург қылмыстық  топ өкілі. Ал менің топшылауымым өзгеше. Путин   Ресейде көп тарапты, тамырланған империалық көзқарастағы саяси қайраткер. Империя күйреуіне қарамастан Ресей басқа елдерде сепаратизм мен жаугершілікті жалғастырғысы келді. Ресей алғашқы қадам сепаратизмді қолдаудан бастайды екен де, кейін гибридтік соғыс бастайды.

 1992 жылдың жазында  Ресей генерал А. Лебедь басшылығымен  14 армияның қолдауы мен қару жарағымен  Молдовадан Приднестровье сепараттық жолмен бөлінді. Шындап айтсақ, Приднестровье Молдавиядан сепаратистік жолмен тартып алынды. Молдавандардың туыс халқы румындар. Румыния бауырларына әскери көмек көрсетпеді. Сол тұста Румыния әлі тым кедей мемлекет еді. Еуропалық Одақ   сол жылы тек аяққа тұрып келе жатқан. Германия мен Шығыс Еуропа мемлекеттері  КСРО-дан  бейбіт жолмен азат болғанына Ресейге борышты сезінді. Сонымен Молдованың  территориялық тұтастығы  үшін Еуропалық Одақтың да, НАТО-ның басшылары да Ресейдің көңілін қалтырғысы келмеді. Сонымен Молдованың мүддесі құрбан болды. Амалсыздан Молдова Республикасы мен Ресеймен  келісімшарт жасасып, 1992 жылдан  одан ары қақтығыстарға бармайтындай болып келісті. Бірақ бұл Ресей сепаратистерінің үлкен жеңісі еді. Кейін бұл сценарий бірнеше рет басқа елдерде сепаратизмді қоздырып, кейін басқа елдерде территорияларды  бөліп алуға пайдаланылды. Мәселен Молдовадағы ұлттық азшылықтар гагауздар арасында Ресей іріткі, сепаратистік акцияларын жүргізді. Бірақ бұл халықаралық құқықты бұзушылық болды. Молдова БҰҰ мүшесі ретінде Ресейден жәбір көрді. Ресей бұл сепаратизмнің спонсоры және ұйымдастырушысы болды. Себебі Ресей тарапынан  әскер, қару-жарақ пен еріктілер қатысуымен жүрген бұл қақтығыстарға тікелей қарулы күштер қатысты. Гибридтік соғыстың алғашқы нәтижесі еді. Ресей үйреншікті өтірігіне басып біз Абхазиядағы сепаратизге қатысымыз жоқ деп көп рет иланды. Сепаратизмді қолдау конституцияға қайшы әрекеттер еді. Еуропалық Одақ пен НАТО бейтараптық көрсетті.

Келесі қақтығыс  1992,1993 жылдары Ресей әскери еріктілері және шешендер қосындылары көмегімен Абхазияда ұйымдастырылды. Осы жолы  сепаратистер  Абхазиядан Грузия әскері мен грузин жұртшылығын айдап шықты. Аз санды абхаздар мен шешен содырларына және Ресей әскерилеріне көп санды грузин ұлт өкілдері мен грузин әскерлері қарсылық көрсете алмады. Гибридтік соғыстың екінші нәтижесі Ресей үшін тағы да табысты болды. Халықаралық құқық пен конституция жерге тапталды.

Енді Ресей  барлық посткеңестік мемлекеттерді өзінің боданы деп есептейтін болды. Батысты елеңдеткен оқиға Грузияға 2008  жылы жасалған агрессия болды.Ресейдің бұл әскери әрекеті    туралы былай жазылды: Ресей Грузияға қарсы әскери  операция жасады. Грузия әскері Оңтүстік   Осетияның сепаратизміне қарсы әрекеті  сылтау етіп Ресей өз әскерін Грузияға кіргізді. Сонымен  2008 жылдың тамыз айында  "Бескүндік соғыс болды". Бұл Ресейдің шетелдегі алғашқы әскери  операциясы  болды. Грузия күл талқан болып жеңілді. Ресей Грузияның Солтүстік Осетиясын тартып алды.

2014 жылдың наурызында  Путин бастаған Ресей Украинаның Қырым түбегін аннексиялады. Қырымда заңсыз референдум өткізілді, бірақ бұл әрекеттер заңсыз деп табылды және Шығыс Украинаның Луганск пен Донецк облыстарына бейресми түрде әскерін кіргізді.

Сонымен, Ресей Президенті Ельцинның тұсында  1992 жылы  Приднестровьені 1992, 1993 жылдары Абхазияны, ал 2008 жылы Ресей Президенті Медведев  тұсында  Оңтүстік Осетияны  басып алды. Ресейдің агрессивтік әрекетері  мен басқыншылық соғыстарына Путин де өз үлесін қосты.

Қырымның аннексиясы , яғни заңсыз иемденуі бір жақты тек Ресей тарапынан өтті.Сонымен бірге Қырыммен бірге Севастополь қаласы да Ресей құрамына кірді. Қырымды қосу «бүкілхалықтық референдум»  арқылы жүрді. Батыс қауымдастығы бұл актіні заңды деп мойындамады. Украина  Қырым мен Севастопольді Ресейдің басып алған жерлері деп таниды. БҰҰ және Батыс қауымдастығы Ресей тарапынан жасалған заңсыз әрекеттер деп таниды.

Енді тұжырымдар жасайық:

 1. Ресей сыртқы саясаты Ельцин-Медведев-Путин кезеңінде империалистік бағытта жүрді, яғни көрші мемлекеттерді бағындырып, территорияларын тартып алу саясаты жүргізілді. Күйреген КСРО орнына жаңадан Ресей империясын құру жоспарланды. Оған куә:

a) Приднестровьені 1992 жылы сепаратистәк жолмен иемдену;

b) 1992, 1993 жылдары Ресей әскери еріктілері және шешендер қосындылары көмегімен Абхазия  Грузиядан бөліп алып өзіне бағындырды;

c) 2008 жылы Ресей Президенті Медведев тұсында  Оңтүстік Осетияны  басып алды;

d) 2014 жылдың наурызында Қырымды аннексиялады және  Украинаның Луганск пен Донецк облыстарына бейресми түрде әскерін кіргізді;

e) Қазақстан бұл күрделі кезеңде территориялық тұтастығын сақтап келеді. Осы тұста ҚР Президентінің саясатын мақтап қояр жөн бар. Қазақ авторитаризмінің  бір жемісі деп білем.

2. Путин Ресей халқы арасында көп қолдау тапқан элита басшысы. Кезінде Путиннің саяси рейтингі 85-90% жетіп, соңғы уақытта 61-65%- ке дейін төмендегені белгілі. Путин саясатының Ресей халқы арасында қолдадауы сәл төмендегені айқын, бірақ әлі де Путин орыс жұртшылығы арасында абыройлы президент десе болады. Путиннін тұсында Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнімі 2000-2007 жылға дейін еселеп жедел өсті. Бұл жағдай Ресей Президенті Ельцин -Гайдардың тоқсаныншы жылдары жасалған нарықшыл реформаларының  және мұнай бағасының шарықтау әсері еді. Сонымен Ресейде нарықтық Институттар экономикалық жедел өсуге негіз болып Путиннің абыройын өсірді.

 3. Ресей экономикасы 2008-2017 жылдары стагнацияға түсті, ілгерілеуді тоқтатты. Ал соңғы жылдары нағыз экономикалық дағдарыс басталды: 2014-2017 жылдары  тұрмыс деңгейі 16% төмендеді. Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнімі әлемдегі басқа елдермен салыстырсақ 12 орынға түсті. Ресейдің басшысы Путин экономикалық, саяси, құқықтық реформалар жасағысы жоқ. Батыс елдердің санкциялары (ағымдағы кредиттер және жаңа технологияларды  бермеу) мен Ресей капиталының Еуропалық Одақ пен АҚШ-қа қашуы Ресей экономикасының дамуын қатты тежеп отыр.

3. Ресейде әлеуметтік және саяси наразылық байқалады. Ресей халқы жемқорлықтың кең тарағанына және әділетсіздіктің өршуіне наразылық білдіріп шерулер жасауда. Бүгінгі  таңда Путиннің басты қарсыласы - Алексей Навальный. Алексей Навальный Президенттік сайлауда Путиннен озып, Ресейдің  келесі  Президенті болуы мүмкін.

4. Әлемде ең ықпалды Үлкен Жеті мемлекет ұжымы Ресейді өз қатарынан шығарып тастады. Оның себебі: Қырымды аннексиялаған  үшін 2014 жылдың наурызынан бастап кейін  Ресей бұл ұжымда жоқ.

Амал нешік, Ұлы державалар Ресейді басқыншы мемлекет деп танып, игі жақсының қатарынан шығарып тастады. Соңғы үш жылда Ресей «изгой» мемлекет деп аталып келеді. Путинмен ұлы державаларының басшыларының сәлемі түзу емес. Әрине бұл Ресей үшін қорлық. Әлемдік баспасөзде Путинді Гитлермен теңеу көп кездесетін болды.

5. Ресей 2007 жылдан бастап Батыс елдеріне қырғи-қабақ соғыс жариялап, жаппай милитаризация, қару-жарақ өндіру жолына түсті. Бірінші қырғи қабақ соғыс 1946-1991 жылдарда өтіп КСРО күйрегеннен кейін аяқталған. Екінші қырғи қабақ соғыс 2007-... жылдарда өтіп, Ресейдің кезекті ыдырауымен аяқталмақ.

Бізге енді не керек? Ресей мен Батыстың теке тіресі ең  драмалық кезеңіне жеткенге ұқсайды. Ықтимал сценарийлерді берейін:

a) Ресей Украинаға Қырым мен Шығыс Украинадағы екі облыстарды қайтарып, Батыс елдері қахарынан құтылады;

b) Ресей Украинаға Қырым қайтармай тек  Шығыс Украинадағы екі облыстарды қайтарып, Батыс елдері қахарынан құтылады;

c) Ресей Украинаға Қырым мен Шығыс Украинадағы екі облыстарды қайтармай бізге түсініксіз  жағдайда Батыс елдері қахарынан құтылады;

d) Ресей Украинаға Қырым мен Шығыс Украинадағы екі облыстарды қайтарса да  Батыс елдері қахарынан құтылмайды, толық дағдарысқа ұшырап, ыдырап дефашизация режиміне түседі. Бізге ең соңғы сценарий қолайлы.

ЕуразЭС пен не істейміз? ЕуразЭС-ті тек экономикалық одақ ретінде қалдырып, Еуропалық Одақ пен АҚШ,  Жапония, Корея, Қытаймен қатынастарды диверсификациялау.ОДКБ ға әскер бермеу. Ресейдің ешбір әскери авантюрасына кірмеу.

Бізге Еуропалық Одақ пен Натоға кірген жөн, бірақ ол үшін демократизация сатыларынан өту керек.

Әзімбай Ғали

Қатысты Мақалалар