Филиппинде "Абу Сайяф" террористік тобының содырлары 2 тұтқынды өлім жазасына кесті

/uploads/thumbnail/20170710162155369_small.jpg

 "Абу Сайяф" террористік тобының содырлары екі вьетнамдық теңізшіні өлтірді. Олар екі адамды  8 ай бойы Филиппин оңтүстігінде тұтқында ұстаған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Риа Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Филиппин әскерінің басшысы екі тұтқынның денелерін тауып алған. Бұл террористік топтың тұтқындар үшін төленбеген құн себебінен туындаған әрекеті.

Өлім жазасына кесілген теңізшілер былтырғы жылы ұрланған. Олардың 6-ы тұтқындалып, тек біреуін ғана құтқару мүмкін болған.

Жергілікті әскер басшылығының мәліметінше,  "Абу Сайяф"  содырлары тағы 22 адамды тұтқында ұстап отыр, олардың 16-ы шет ел азаматтары екен.

Қатысты Мақалалар