Әйел адамның демылысы...

/uploads/thumbnail/20170710162156220_small.jpg

Ертең шіркін демалыс деп қуанып.
Ұйқы қашып,бет жүздері нұрланып. 
Тез-тез істеп жұмыстағы тірлікті.
Үйге қарай ұмтылатын ұрланып.
Таң атады,келді сенбі үйдесің.
Тамаша бір сезімдесің күйдесің.
Музыканы қосып қойып жүресің.
Бес күн бойы болмағандай үйде шын.
Түскі тамақ ішіп алып бастайсың.
Бұл сөзімді құп аласың растайсың.
Шелегіңе су құйып-ап бөлмелерді.
Айнадай ғып сүртіп,жинап тастайсың.
Күн ыстық па,суығына қарамай.
Жорта басып базар жаққа кетесің.
Қай жер арзан,қай жер қымбат аралай.
Екі пакет толы үйге жетесің.
Осы менен кеште батып қалады.
Жаңа ойлар түрткілейді санаңды.
Тамағыңның астын жайлап қыздырып.
Жуындырып та аласың балаңды.
Бір уақытта дамылдамай жүресің.
Демалысым осы ма деп күлесің.
Біле тұра осылай өтеріне, 
Демалысты сен сағына күтесің. 
Таң атады, келді міне жексенбі, 
Өзге сезім басып тұрар еңсеңді. 
Теледидар көруге де отырсаң, 
Тірліктерің күтіп қалар белсенді. 
Кір жуудың кірісесің қамына, 
Қара терге түсесің-ау малына. 
Арасында еш себепсіз айқайлап, 
Жібересің үйде жүрген шалыңа. 
Айғайыңа айғай қосып күйеуің, 
Неге сонша ашуланып жүрсің деп. 
Бізден осы алмасаңшы өшіңді, 
Бұл өзіңнің күнделікті ісің деп. 
Кір жуылып болғаннан соң жаясың, 
Күн жылыда тез-тез енді кепсін деп. 
Осы сәтте төркін жақты ойлайсың, 
Армандайсың сол бір жаққа кеткің кеп. 
Бұл жай арман білесің ғой өзіңде, 
Өтірік жоқ ашып айтсам сөзімде. 
Әйелдер-ау мықты жандар негізі, 
Ең бірінші ерік берер төзімге. 
Содан кейін кіресің асханаға, 
Қандай тамақ жасау керек ой мазаңда. 
Қой бір ыстық сорпа ішейік дейсің дағы, 
Салынады сақырлаған ет қазанға. 
Кей кездерде қонақ келіп қалады, 
Дастарханы жайқалады толады. 
Өйткені бағанағы пакеттердің біреуінде, 
Қонаққа деген тәттілері болады. 
Тойлардан да қалмауға тырысатын, 
Ертіп алып барлық бала-шағасын. 
Көйлегінде киіп алып жарасатын, 
Барлығына уақыт тауып барасың. 
Кепсе кірлер реттеп оны аласыңда, 
Үтіктейсің, өз орнына жинайсың. 
Үй-ішімен күліп, ойнап арасында, 
Шаршасаңда езуіңді жимайсың. 
Міне осылай тағы кеште батады, 
Лезде дейсің кештің осы батары. 
Тісті шұқып еттен кейін ысылдап, 
Терлеп тағы шай ішіліп жатады. 
Оқысаңыз өлеңімді шошынбай, 
Кете алмассыз сөздеріме қосылмай. 
Демалысы жұмыс күнге ұксайтын, 
Әйелдердің демалысы осындай! 
Үй ішіне арнайтын демалысын, 
Әйелдер ғой білер істің дұрысын. 
Шаршап енді шырт ұйқыға кетесің, 
Өйткені ертең күтіп тұр өз жұмысың!

Ерлан Жүзеев

Қатысты Мақалалар