22 жастағы қостанайлық қыз 19 жастағы жігітті өзін зорлады деп айыптаған

/uploads/thumbnail/20170716220317552_small.jpg

Қостанайда 22 жастағы қыз 19 жастағы жігітті өзін зорлады деп айыптаған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі "Алау" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2 шілде күні орын алған. 22 жастағы Қостанай тұрғынынан 3 шілде күні жергілікті ІІБ-ға арыз түскен.

«Оқиға 2 шілде сағат 2:30 шамасында орын алған. Бірге ішімдік ішкен соң жігіт қызды өз ырқынсыз жыныстық қатынасқа итермелеген. Іздестіру шараларынан соң 1998 жылғы Қостанай тұрғыны бөлімшеге жеткізілген»- деп мәлімдеді облыстық прокуратура бастығы.

19 жастағы қостанайық өзінің кінәсін жартылай мойындаған. 2 шілде күні екеуінің бірге болғаныдығын, ішімдік ішкендерін, одан кейін екі жақтың келісімімен жыныстық қатынас орнағанын жеткізген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар