Қазақстан туристер үшін қауіпсіз мемлекеттер рейтингісінде 58-ші орынға тұрақтады

/uploads/thumbnail/20170716220318261_small.jpg

Швецарияда жұмыс істейін Үкіметтік емес  «Әлемдік экономикалық форум» туристер үшін қауіпсіз мемлекеттердің рейтингісін шығарды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Рейтингте 136 мемлекет елдегі  терроризм мен күш көрсету бойынша бағаланды. Қазақстан 136 мемлекеттің ішінде 58-орынға тұрақтады.

Айта кетсек, Франция 67-ші, Италия 70-ші, Ұлыбритания 78-ші, АҚШ 84-ші орында тұр. Ал көшті бастап тұрған үштікте Финляндия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Исландия тұр. Ал Сирия, Ауғанстан, Ирак рейтингке іліне алмады. Оның себебі рейтингке экономикасы дамыған мемлекеттер ғана кіреді.

Ал Қазақстандықтар баруға құмар Түркия 116-шы орында, Тайланд 118-ші , Египет 130-шы орынға тұрақтады. 

Шолушы: Айгерім Таубай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар