Сирияда «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы Ракка үшін шайқас жалғасып жатыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қарулы қақтығыс кезінде 40-тан астам содырдың көзі жойылды. Қарсы тараптан да адам шығыны бар. Текетірестер салдарынан 2 сарбаздың қаза тауып, тағы біреуінің жарақат алғаны белгілі болды. Айта кеткен жөн, кеше Сирияның оңтүстік-батысындағы 3 бірдей провинцияда оқ атуды тоқтату туралы келісім күшіне енген болатын. Олар – Дера, Эль-Кунейтра және Эс-Сувейда провинциялары. Бұл бітімге Ресей, АҚШ пен Иордания өкілдері қол жеткізген еді.
Шолушы: Айгерім Таубай
Пікір қалдыру