Көкшетауда суицидті насихаттайтын сайттар бұғатталды

/uploads/thumbnail/20170716220328320_small.jpg

Көкшетауда суицидті насихаттаған 15 веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Олыстық прокуратураның мұндай сайттардың жұмыс істеп жатқанын интернет ресурстарға арнайы мониторинг жүргізу барысында байқаған. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, аталған сайттарға 1 млн 891 мың 267 адам тіркелген екен. Ал олардың 3 мыңнан астамы - кәмелетке толмағандар. Бұл сайттар сондай-ақ өз қолданушыларына суицидті қалай жасау қажеттігін түсіндіріп қана қоймай, порнографиялық материалдарды да насихаттап отырған. Қазіргі таңда сот шешімімен ол сайттар бұғатталды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар