Ирак премьер-министрі ДАИШ содырларынан азат етілген Мосулды құттықтады

/uploads/thumbnail/20170716220330871_small.jpg

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади сегіз ай бойы жиһадшылармен күрестің нәтижесінде азаттыққа қол жеткізген Мосул қаласының әскерін құттықтады, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, бүгін премьер ДАИШ содырларынан азат етілген қалаға келіп, Ирак халқы мен әскерін «ұлы жеңіспен» құттықады. Премьер-министрдің Твиттер әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Мосулға келген сәтінен сурет жарияланды.

АҚШ коалиция күштерінің қолдауымен Ирак солдаты Мосулды азат ету операциясын 2016 жылдың қазанына бастаған. Алдымен Мосулдың шығыс бөлігін алған Ирак әскері қаланың батыс бөлігіне бекінген жиһадшыларға қарсы бірнеше ай бойы шайқас жүргізген. Нәтижесінде Мосулдың тарихи бөлігі де ДАИШ террористерінен азат етілді.

БҰҰ мәліметі бойынша, Мосулды азат ету операциясы барысында мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тауып, миллионға жуық адам өз үйлерін тастап кетуіне мәжбүр болған.

Шолушы: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар