Головкин «таза» боксшылар тізіміне енді

/uploads/thumbnail/20170718113258422_small.jpg

Бүкіләлемдік бокс кеңесі  (WBC) және Допингке ерікті тестілеу қауымдастығы (VADA) бірігіп жасаған «таза» спортшылар тізіміне Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин  енді  деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі Vesti.kz сілтеме жасай отырып. Геннадий Головкин «Таза бокс» бағдарламасы шеңберінде допинг-сынама тапсырды  және сынамадан  тыйым салынған препараттар табылған жоқ.

 Сонымен қатар,  допингтен таза боксшылар тізіміне Головкиннің келесі қарсыласы мексикалық Сауль «Канело» Альварес те кірді. Мұның алдында Головкин мен Канело  «Таза бокс» бағдарламасы аясында допинг-сынама тапсыруға келісім берген болатын.

Қатысты Мақалалар