Қанат Ислам жеңілмеген канадалық боксшымен кездеседі

    Nurgali Nurtay
    Қанат Ислам жеңілмеген канадалық боксшымен кездеседі

    Әлемдің бокс сахнасында «QAZAQ» деген лақап атпен танымал болған қазақстандық боксшы Қанат Исламның Астанада кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

    9 қыркүйекте Астана қаласында отандасымыз шаршы алаңда канадалық Брэндон Кукпен кездеседі.

    31 жастағы канадалық боксшы кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 11 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін ол отандасы Стивен Батлерге қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген еді.

    Ал, Қанат Ислам соңғы кездесуін мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында орналасқан «Boca raton resort & club»-та өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетіп,  WBO NABO және WBA Inter-Continental вакантты титулын жеңіп алған еді.

    Ұларбек Дәлейұлы

    Қатысты Мақалалар