Жамбыл облысында 49 гектар жер өртеніп кетті

/uploads/thumbnail/20170718170410973_small.jpg

Жамбыл облысында 49 гектар жер өртеніп кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24 Хабар мәліметіне сүйеніп. Ғарыштан жасалған мониторингке сәйкес өрт  Мойынқұм ауданында Қияқты мен Хантау ауылдары аралығындағы алқапта болған. Болжам бойынша қураған шөп күннің аптап ыстық болуынан тұтанған. Шамамен кеше 21:00-де шыққан қызыл жалын бүгін таңғы 06:30-да сөндірілді. Оған жалпы саны 8 техника, 3 трактор және 60 адам жұмылдырылған. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар