Атыс Маңғыстау облысы Құрық ауылында 17 шілде күні түнде орын алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық ІІД басапасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
20, 22, 23 жастағы жас жігіттер көптеген жарақаттармен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Үш зардап шегуші жігітке төтенше жағдайда ота жасалған. Олардың денесі, кеуде тұстары, асқазан айналасы, аяқ-қолдары жараланған. «Зардап шеккедердің бірінің асқазаны қатты жарақаттанып, 1,5 литр қан жоғалтып, қазір жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр. Жан сақтау бөлімінде жатыр»-дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің директорының орынбасары.
Жараланған жігіттердің екеуі жансақтау бөлімінен шығарылды. Атыс барысында қаза тапқан адамдардың саны әлі мәлімделмеген. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру