Джордж Клуни мен оның жары Амалия дүйсенбі күні Ливанда өмір сүріп жатқан 3 мыңға жуық сириялық босқындардың балаларына арналған 7 мектептің дамуына $2,25 млн. аударатынын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Клуни әулеті қорының ресми сайтында хабарланды.
«Біз тұтас ұрпақтан айрылып қала алмаймыз. Дәл сол жерде дүниеге келгендері үшін балалардың кінәсі жоқ. 1000-ға жуық сириялық жастар қоғамнан шеттетіліп қалуы мүмкін. Ал лайықты түрде білім алса, өмірлері өзгеретініне сенімдімін» - делінген Клунидің хабарламасында. Айта кетейік, актердің жақында ғана егіз балалары дүниеге келген.
Клуни әулетінің қорынан өзге өмірде әділеттілік орнату үшін Google мен HP компаниялары да жобаға атсалысуға кірісті. Олар оқу орындарының технологиялық жабдықтарын қамтамасыз етуді көздейді. Жиналған жалпы қаражат $3 млн.
Жобаға жетекшілік етіп отырған Балалар қорының мәліметіне сүйенсек, ливандықтар Голливуд жұлдызының ниетіне жоғары баға берді. Мемлекеттік білім министрі Марван Хамаде Клуни әулетіне ерекше алғысын білдірді.
Джордж Клуни – америкалық актер, режиссер, продюcер. «Қайдасың, бауырым?», «Сириана», «Ұрпақтар» фильмдерінде ойнаған рөлі үшін бірнеше марапатқа ие болды.
Пікір қалдыру