Ғалымдар: 100 жылдан кейін Оңтүстік Азияда өмір сүру мүмкін емес болады

/uploads/thumbnail/20170803165912065_small.jpg

Ауадағы ылғал мен ауа температурасының күрт жоғарылауы Үндістан мен  Оңтүстік Азияның басқа да елдері адамның өмір сүруіне жарамсыз болуы мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат Science Advances журналына сілтеме жасап.

«Бұл аймақта 1,5 миллиардқа жуық адам тұрады. Олардың көбінің тұрмысы ауыл шаруашылығына байланысты. Егінмен айналысқанда күнделікті бірнеше сағат күннің астында жүру керек. Бұл жағдай адамдардың климаттық өзгерістерге ерекше сезімтал болуына әкеледі» дейді Массачусетс технологиялық институтытының өкілі Эльфатих Эльтахир.

Эльтахир мен оның әріптестері Оңтүстік Азияның 4/3 бөлігіне жуығы 100 жылдан кейін өмір сүруге жарамсыз жерде тұрып жатқанын айтады.

Олар мұндай қорытындыға Үндістан, Бангладеш, Пәкістан мен олармен іргелес елдердегі «сулы термометр температурасының» 100 жылдан кейін қалай өзгеруі мүмкін екенін зерттеп көргеннен кейін келген.

Геологтар мен климатологтар «сулы термометрдің температурасын» екі фактордың әсерінен болып отырғанын айтады. Олар: қоршаған ортаның температурасы және оған ылғалдың қатар жүруі. Бұл адам үшін өте маңызды. Себебі біздің денеміздегі тер бу болып шығу арқылы салқындаймыз. Сәйкесінше, егер «сулы термометрдің температурасы» 35 градус цельсийден көтерілсе адамда қызу шамадан тыс болады, тіпті өлімге дейін алып келеді.  

Екі жыл бұрын Эльтахир және оның әріптестері, Париждік климаттық келісім орындалмаса Парсы шығанағындағы елдер белгіленген межеден тез асып кететінін айтады.

Егер адамдар ғаламдық жылынудың салдарымен күресетін болса, жағдай жақсы жаққа өзгеруі мүмкін.

Ғалымдар ғаламдық жылынумен күресті Үндістан тұрғындары өзінен бастауы керек екенін айтады. Үндістан мен Қытай жылыжайлық газдың басты «тасымалдаушылары» және оның үлесі көбейіп келеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар