Қазақстандағы барлық арнайы ХҚКО-да әкімшілік айыппұл мәселелерін шешетін прокурор болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің төрағасы Бағдат Мусинге сілтеме жасап.
Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында халыққа қызмет көрсету орталықтарында неліктен прокурорлар жұмыс істей бастайтынын түсіндірді.
«Елде әкімшілік айыппұлдарды есептеуде мәселелер көп. Осыған байланысты маған 100-ге жуық адам шағымданды. Олардың айтуынша, айыппұл төленгенімен, қарыз есебінде тұрады», – деп жазды Бағдат Мусин.
Пікір қалдыру