Иракта 27 адамды өлім жазасына кесуге үкім шығарылды. Олардың барлығы 2014 жылы жаппай адам өлтіргендері үшін жазаланып отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі edition.cnn.com мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы Шпейхер аймағында Кэмп Спичер деп аталған әскери базаның 1700 сарбазын ДАИШ лаңкестік тобының содырлары қырып салған болатын.
Сонымен қатар, 2016 жылы 36 адам дәл осындай қылмысы үшін өлім жазасына кесілген болатын.
Пікір қалдыру