Каракастағы әуежайда болған атыс салдарынан 1 адам қайтыс болды. Каракас әуежайында белгісіз біреулер жолаушыларға оқ атқан. Атыстан адвокат Кельвин Альварадо қайтыс болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі TACC мәліметіне сүйеніп хабарлайды. Атыс басталған уақытта Кельвин Альварадо тіркеу маңында тұрған.
Сонымен қоса, атыстан әуекомпанияның бір қызметкері жараланды.
Оқ жаудырғандар оқиға орнынан қашып үлгерген.
Пікір қалдыру