Ресей азаматшасы Калининградтан Польшаға темекі тасымалдау үшін өзінің тегін 6 рет өзгерткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Радио Польша мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Польша-Ресей шекарасында 37 жастағы әйел қолға түсті. Шекарадағы тексеріс кезінде ресейлік әйелге 2020 жылға дейін Польша жеріне өтуге тыйым салынғаны анықталған.
Шекарада қойылған тыйымға қарамастан өз ісін жалғастыру үшін әйел өзінің тегін ауыстырып, жаңа куәлік пен виза алып отырған.
Шекарадағылар Калининград облысының тұрғынын қолға түстірді. Енді әйел 3 жыл бас бостандығынан айырылады.
Пікір қалдыру