Америка жаңа санкция салған жағдайда Иран ядролық келісімді бұзады

/uploads/thumbnail/20170815144025364_small.jpg

Вашингтон Тегеранға қарсы жаңа санкция енгізген жағдайда, Иран бірден ядролық келісімді бұзатындығын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы Иран президенті Хасан Роухани мәлімдеді. «Егер АҚШ санкцияны қолданғысы келсе, біз аз уақыттың ішінде – бір апта емес, бір ай емес, бірнеше күн немесе бірнеше сағат ішінде бұрынғы жағдайымызға ораламыз», – деді Роухани.

Еске сала кетсек, 2015 жылы 15 шілдеде Иран мен әлемдік «алтылықтың» Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзі нәтижелі аяқталып, тараптар келісім жасасқан еді. Бірақ құжаттарға 2016 жылдың 16 қаңтарында ғана қол қойылған.

Қатысты Мақалалар