Оңтүстік Азия елдері су тасқынынан зардап шегуде (фото)

/uploads/thumbnail/20170815173511069_small.jpg

Оңтүстік Азия елдері толассыз жауған жаңбырдан зардап шегіп отыр. Су тасқыны салдарынан 160 адам көз жұмды. Келеңсіз жағдай Непал, Бангладеш, Үндістанда орын алды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Ең көп зардап шеккендер Непалда тіркелді. Непалда 115 адам көз жұмды, тағы 38 адам іс-түссіз жоғалып кеткен. Жалпы есептегенде елдің 75 ауданының 26-сы бүлінді.

Бангладештің солтүстігінде су тасқынынан 27 адам көз жұмды. Жарты миллионға жуық тұрғын өз үйлерін тастап, қазір босқындардың мекенін паналауда.

Үндістанның Бихар штатында 10 адам көз жұмса, Ассам штатында 15 адам табиғи апат құрбаны болған.

Құтқарушылар су тасқыны орын алған ауылдарға бару үшін тікұшақтар пайдалануда.

Қатысты Мақалалар