Колумбияда жарты ғасырға созылған қақтығыс аяқталды

/uploads/thumbnail/20170816170857347_small.jpg

Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос Колумбияның Революцияшыл қарулы күші мен билік арасындағы   50 жылға созылған қақтығыстың аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі AFP мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

15 тамыз күні Колумбияның Революцияшыл қарулы күші өздерінің қару-жарақтарын тапсырды.

Ел президентінің айтуынша, өз қаруларын тапсыру арқылы олар қақтығыстың аяқталғанын мәлімдеп отыр.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос пен Колумбия Революцияшыл қарулы күшінің басшысы Родриго Лондоньо Эчеверри елдегі бейбітшілік туралы құжатқа қол қойған. Жарты ғасырға жалғасқан қақтығыс салдарына 220 адам көз жұмған.

Қатысты Мақалалар