АҚШ Түркияның экс-министрін Иранға қарсы санкцияны бұзды деп айыптауда

/uploads/thumbnail/20170908103731311_small.jpg

АҚШ прокуратурасы Түркияның бұрынғы экономика министрі және мемлекеттік Halkbank компаниясының бұрынғы басшысы Зафер Чаглаянды БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын бұзуға талпынды деп айыптады. Тергеу дерегіне қарағанда, ол америкалық банктер арқылы Иран үкіметі мен мемлекеттік мекемелері есебіне жүздеген миллион доллар жолдағысы келген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сentralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Чаглаянды қолма-қол ақшамен және бағалы заттармен пара алған, ақшаның ізін жасырған және қаржыға қатысты алаяқтық жасады деп айыпталды.

Мұндай айыптар Түркияның бұрынғы үкімет мүшесіне алғаш мәрте тағылып отыр. Чаглян Түркия президенті Режеп Ердоғанның сенімді адамдарының бірі ретінде танымал.

Бұрынғы министр америкалық құқыққорғау органдарының назарына ирандық алтын сатушы Реза Заррабқа қарсы қылмыстық ісі арқылы шыққан. Оны да АҚШ Иранға қарсы санкцияларды айналып өткісі келді деп айыптап отыр.

Қатысты Мақалалар