Түркияда инфляция мөлшері өсті

/uploads/thumbnail/20170908145906324_small.jpg

Түркияның статистика агенттігі тамыз айы мен жылдық инфляция мөлшерін жариялады. Ресми ақпаратқа сәйкес, ел ішінде тұтыну бағасының индексі 10,68%-ы құрады. Бұл көрсеткіш алдын-ала болжанған межеден жоғары. Оның ішінде отандық өнімдерге баға 16,34%-ға өсті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі News Turk-ке сілтеме жасап.

Көлік тасымалы, тамақ өнімдері мен алкогольсіз ішімдік түрлері, дәрі-дәрмек, ойын-сауық пен өзге де қызмет түрлері күрт қымбаттаған. Бұл мәселеге байланысты Түркияның Даму министрі Лютфи Елван бағаның өсуіне валюта бағамының тұрақсыздығының әсер еткенін алға тартып, қыркүйек айынан бастап ішкі нарықтағы ахуал реттелетініне уәде берді.

Қатысты Мақалалар