Қазақстанның 4 азаматы Доминикан Республикасындағы Қазақстанның құрметті консулымен байланысқа шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. "Оларға «Ирма» дауылынан төтенше жағдай туындайтын сәтке нұсқаулық берілді. Қазіргі уақытта бұл елдегі қазақстандықтардың саны анықталу үстінде,- деп жазды өзінің Фейсбуктегі парақшасына ҚР Сыртқы істер минстрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
"Ирма" дауылынан миллионнан астам адам зардап шеккені белгілі. Қазіргі уақытта дауыл АҚШ-тың Флорида жағалауына қарай бет алған. Осы орайда, Қазақстанның АҚШ, Канадағы Елшіліктері, Кубадағы Консульдығы, Доминикан мен Багамдағы құрметті консулдары «Ирма» дауылына байланысты «жедел желі» ашты.
«"Ирма" дауылына байланысты АҚШ, Канадағы Елшіліктері, Кубадағы Консульдығы, Доминикан мен Багамдағы құрметті консулдары «жедел желі» ашты және Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетуге дайын», - деді Ә.Жайнақов.
Табиғи апат аймағында жүрген қазақстандықтар жергілікті биліктің нұсқаулықтарын сақтау қажет және шұғыл көмек қажет болған жағдайда мына нөмірлерге хабарласулары қажет:
Доминикан Республикасында: + 1 809 729 79 87 (Доминикан Республикасындағы Қазақстанның құрметіт консулы).
Жедел көмек қызметі - 911;
Куба Республикасында: +535 869 23 69, +537 206 99 63 (Кубадағы Қазақстан консулы), Полиция - 106, жедел жәрдем - 104, өрт қызметі - 105;
Багам аралдарында: +44 7770 300505 (Багамдағы Қазақстанның құрметті консулы), Жедел көмек қызметі - 911, 919, немесе 112 (ұялы телефондар үшін);
Канадағы Қазақстан Елшілігінің консульдық бөлімі: +1 613 695 80 55 (ішкі 230, 231) +1 613 413 98 91 +1 613 981 17 13 (Оттавадағы консул);
АҚШ-та: +1 202 232 54 88 (ішкі 121, 127) +1 202 600 56 05 (Вашингтондағы консул).