Қазақстан мен Қырғызстан буддистері Бирма үкіметіне хабарлама жолдады

/uploads/thumbnail/20170909103203982_small.jpg

Орталық Азия буддистік ұйымдарының басшылары мен белсенділері Рохинья мұсылмандарына қатысты болған оқиғаның барлық буддист өкілдерін тығырыққа тірегенін жазып Бирма үкіметіне ашық хабарлама жіберді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі centre1.com-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Буддистік «Чамсен» қоғамдастығының төрағасы Олег Цой (Қырғызстан) мен Ниппондзан Мёходзи  буддистік орденінің монахы Алексей Шмыгля (Қазақстан), білім Академиясының ғылыми қызметкері Урмат Калиев (Қырғызстан) бүгін Бима басшылығына біріккен жолдау хабарлама жіберді.

Хабарламада олар Бирма билігін Ракайн штатының солтүстігіндегі әскери қимылдары тоқтатуға шақырды.

«Болып өткен жантүршігерлік оқиғалар әлемде түрлі шиеленісті жағдайларды, көңіл толмаушылықты тудыра отырып, тек Мьянмадағы буддистерді ғана емес, әлем бойынша будда дінін ұстанушыларды шын мәнінде тығырыққа тіреді. Себебі әлеуметтік желілердегі таралған ақапараттар мен БАҚ бұл жағдайды «буддистердің мұсылмандарға қарсы геноциді» деп хабарлады» делінді хабарламады.

Қатысты Мақалалар