Түркия Президенті мінген ұшақ елорда әуежайына келіп қонды. Режеп Тайып Ердоған елімізге ресми сапармен келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Астанаға келу ойда бар екенін Түркия көшбасшысы 2-ші қыркүйек күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескенде айтқан болатын.
Мәліметттерге сүйенсек, 9-шы қыркүйек күні екі елдің Мемлекет басшылары Ақордада кездесіп, екіжақты келіссөздер жүргізеді. Ал 10-ы күні Президенттер Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысады.