Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам Астанада өткен жекпе-жектен кейін өз дивизионында 13-ші орынға табан тіреді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
9 қыркүйекте өткен бокс кешінде Қанат Ислам канадалық боксшы Брэндон Кукпен кездесті. Жекпе-жек тоғызыншы раунда техникалық нокаутпен аяқталды. Ислам үшін бұл кездесу 25-ші және ол 25-ші рет жеңіске жетті.
Бұл көрсеткіш Қанат Исламға BoxRec рейтінгінде 12-ші орынға көтерілуге мүмкінді берді. Кук қазақстандық боксшымен кездеспей тұрып, одан бірнеше саты жоғары тұрған еді. Ол 22 позицияға төмендеп, қазіргі уақытта 43-ші орынға түсіп қалды.