Маңғыстауда орын алған жантүршігерлік жол апатының салдарынан бір отбасының жеті мүшесі де көз жұмды. Toyota Camry жеңіл автокөлігі үйлердің бірінің кірпіштен жасалған қақпасына барып соғылған. Салдарынан көлікте отырған жеті адам, олардың екеуі кішкентай балалар, қазақ тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты Бейнеу ауылында 10 қыркүйек күні сағат 19:00 шамасында орын алған. Апатты жағдайдағы медицина орталығының хабарлауынша, көлік тізгінін ұстаған жүргізуші мен алты жолаушы – барлығы да оқиға орнында көз жұмған.
«Соғылған көлік қатты мыжылып кеткен, сол себепті де ондағы адамдардың денесін көліктен арнайы техникамен шығаруға мәжбүр болдық», - дейді апатты жағдайда медицина орталығы.
Куәгерлердің айтуынша, көлікте бір отбасы мүшелері – ағасы мен қарындасы және олардың балалары болған. Белгілі болғандай, олар тойдан қайтып келе жатқан екен.
Куәгерлер видеосы