Жапониядағы аптап ыстық салдарынан 773 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Өткен аптадан бері аптап ыстық орыны алуда. Өткен аптамен салыстырғанда ыстықтан зардап шеккендердің саны екі есе азайған. Ауа температурасы төмендеп, аймақтарда жауын-шашын орын алуда.
Жапонияда 1 мамырдан бастап ауа температурасының жоғарылауынан 44 адам көз жұмған. Жергілікті билік өкілдері тұрғындарға көбірек сұйықтық ішуге шақырды. Сонымен қатар күнге көп шықпауды ұсынды.
Айта кетсек, өткен жылы Жапонияда 100 адам ыстық ауа райынан көз жұмған. Он мыңдаған адам ауруханаға түскен.