2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан Йемендегі соғыстан 5 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Олардың басым бөлігі одақтас елдердің әуе шабуылынан көз жұмған. Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық ұйымның өкілі елдегі тырысқақ ауруының таралуына, ұшақтардың ауруханалар мен емханаларды атқылап, қалалар мен елді мекендерді қоршауға алуы себеп екенін де атап өтті. Сондықтан Жоғарғы комиссар Йемендегі адам құқықтарына қарсы жасалған қылмыстарды тергеу үшін халықаралық тәуелсіз орган құруға шақырды. Өйткені 60-тан астам халықаралық және үкіметтік емес ұйым осындай шағым түсірген.